Марапаттау рәсімі Ресейдегі Қазақстан елшілігінің резиденциясында өтеді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Д.Ахметов қазір жұмыс сапарымен Мәскеуде жүр. 22-желтоқсан, сәрсенбіде үкімет басшысы Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Фрадковпен кездесті.
Кездесу барысында үкімет басшылары екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа қатысты мәселелерді, соның ішінде ғарыш кеңістігін игеру саласына, отын-энергетика кешеніндегі ынтымақтастыққа, Қазақстандағы мұнайгаз саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға, Каспий қайраңын игеру саласындағы ынтымақтастыққа байланысты мәселелерді сарапқа салды. Екі жақ үшін де Каспий қайраңындағы жұмыстарды пәрмендендірудің маңызы, қайраңдағы жобаларды, соның ішінде «Құрманғазы» жобасын жүзеге асыру бағыттындағы ортақ мүдделіліктің маңызы атап өтілді. Осыған байланысты тиісті министрліктер мен мекемелерге «Құрманғазы» кеніші бойынша құжаттарды дайындау жұмыстарын пәрмендендіру туралы тапсырма берілді. Оларға Қазақстан президентінің 2005-жылғы қаңтардағы Ресейге жасайтын жұмыс сапары барысында қол қойылуы тиіс.
Сондай-ақ, кездесуге қатысушылар Ресейге астық сату және осы елдің аумағы арқылы астықты транзитті тасымалдау мәселелерін сарапқа салды. Осыған орай Ресей жағына Қазақстаннан Ресей аумағы арқылы астықты транзитті тасымалдау және экспорттауға қолайлы жағдайлар жасау жөнінде келіссөздер жүргізу ұсынылды.
Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар келісімдерге, атап айтсақ, Байқоңыр ғарыш айлағында «Бәйтерек» зымыран-ғарыштық кешенін құру туралы келісімге қол қойылды.
Бүгін түстен кейін Д.Ахметов «Стройтрансгаз» ЖАҚ-ын аралайды.