Солтүстік Қазақстан облыстық балалар ауруханасы жасанды жолмен өкпе ішін үрлейтін аппарат алды - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облыстық балалар ауруханасы жасанды жолмен өкпе ішін үрлейтін аппарат алды

Солтүстік Қазақстан облыстық балалар ауруханасы жасанды жолмен өкпе ішін үрлейтін аппарат алды

Солтүстік Қазақстан облыстық балалар ауруханасы өкпені вентиляциялауға арналған жабдық сатып алды. Жабдықты сатып алуға облыстық бюджеттен 25 мың доллар бөлінді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Нұрлан Жақыпов хабарлады.

  • 24 Желтоқсан 2004
  • 734
Фото - Caravan.kz

Қымбат жабдық дәрігерлердің мүмкіндігін біршама арттырып, адамның барлық дене мүшелеріне операциялар жасай беруге жол ашады. Н.Жақыповтың айтуынша, ендігі жерде дәрігерлер пневмония және жаңадан туған жас нәрестенің өкпесінен ауа шығу синдромымен табысты күресіп, ағзасында кез-келген ақауы бар балаларға денсаулық сыйлай алады. Әсіресе бұл жүрекке операциялар жасауда таптырмайтын жабдық болмақ. Бұл істе Солтүстік Қазақстан облыстық дәрігерлерге Ресейдің Тюмень облыстық клиникалық ауруханасындағы әріптестері екі жылдан бері қол ұшын беріп келеді.

Осы уақыт ішінде дәрігерлер операция көмегімен жүрек ақауына шалдыққан 100 балаға көмек көрсетті. Петропавлда операция жасау үшін тюменьдік дәрігерлер бұған дейін қажетті жабдықтарды, соның ішінде өкпе ішін вентиляциялауға арналған аппаратты да өздерімен бірге алып жүруге мәжбүр болған. Жаңа аппаратты қажетті жағдайда аудандық ауруханаларға тасымалдап көшіріп жүруге болады.

Перейти к новостям спорта