Өзбекстандағы парламент сайлауы өтті деп саналды - Орталық сайлау комиссиясы - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+8 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстандағы парламент сайлауы өтті деп саналды - Орталық сайлау комиссиясы

Өзбекстандағы парламент сайлауы өтті деп саналды - Орталық сайлау комиссиясы

Өзбекстанның заң шығарушы палатасы - олий мажлистің 26-желтоқсандағы сайлауы өтті деп саналды. Бұл туралы Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Сайера Ходжаева мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Ташкенттен.

  • 27 Желтоқсан 2004
  • 477
Фото - Caravan.kz

Сайлауға республикадағы сайлаушылардың 85,1 проценті қатысты.

Барлығы 120 депутаттық орын үшін 5 саяси партия мен 58 бастамашы топтан 489 үміткер бақ сынасты. Өзбекстан Халық-демократиялық партиясынан 106 үміткер, Өзбекстен Либерал-демократиялық партиясынан 113, «Фидокорлар» ұлттық-демократиялық партиясынан 85, «Адолат» социал-демократиялық партиясы мен «Миллий тикланиш» демократиялық партиясынан тиісінше 69 және 59 үміткер ұсынылды. 58 бастамашы топтың атынан сайлауға 57 үміткер шығарылды.
Бұл жолғы сайлау Өзбекстанның сайлау заңнамасына енгізілген кейбір өзгерістерге сәйкес өткізілді. Бұл өзгерістер бойынша, бұдан былай саяси партиялар үміткерлердің атын ұсынуда әйелдер үшін 30 проценттік квотаны қамтамасыз етуі тиіс.
Егер бұдан бұрын сайлауды өтті деп тану үшін оған сайлаушылардың 50 проценті қатысуы тиіс болса, ендігі жерде бұл меже 33 процентке тең. Бұл меже тіпті түскі 12 сағат болмай алынды. Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, түскі 12 сағат дегенде сайлау учаскелеріне сайлаушылардың 46,5 проценті келсе, 16 сағатта дауыс беруге келгендердің үлес салмағы 71,6 процентті құрады.
Өзбекстандағы парламент сайлауын ТМД, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы, Шанхай ынтымақтастығы ұйымы, Еуропарламент сынды ұйымдардан 200-ден астам шетелдік сарапшылар қадағалауда. Орталық сайлау комиссиясына бұл ұйымдар тарапынан қандайбір ескертулер мен мәлімдемелер келіп түскен жоқ, деді С.Ходжаева.

Перейти к новостям спорта