«Қазақстан Республикасының банк жүйесі орны толмас қайғыға душар болды. Оның ауқымын қас қағымда сезіну мүмкін емес. Өз іс-қызметі барысында Ержан Тәтішев ұлығаусар іс тындырды, ТұранӘлемБанкін еліміз бен ТМД аясында жетекші орынға шығарып, өз ісінің білгірлері — кәсіби мамандар құрамасын тәрбиеледі, «ТұранӘлемБанкі» АҚ-ын халықаралық деңгейге көтеруге қол жеткізе алды»,- делінген мәлімдемеде.
ТұранӘлемБанкі еліміздегі банк жүйесін құрушы ірі банктердің бірі. Ол жеке капиталының мөлшеріне қарай ТМД шеңберіндегі жетекші алты банктің қатарына енеді. Банк құрылған сәттен бері өз клиенттерінің сенімді әріптесіне айналып, жоғары тұрақтылықты паш етуде, активтері де тұрақты өсіп келеді.
Мәлімдеме авторлары ТұранӘлемБанкінің іргетасы қаланғаннан бері жұмыс істеп келе жатқан банк ұжымы Е.Тәтішев ойға алған даму стратегиясы мен жоспарларды табысты жүзеге асырады дегенге сенім білдіреді.
Мәлімдемеге «АТФ банкі» АҚ басқармаларының төрағасы Тимур Исатаев, «Қазкоммерцбанк» АҚ басқармаларының төрайымы Нина Жүсіпова, «ДАБ «АБН АМРО Банк Қазақстан»»ЖАҚ басқармаларының төрағасы Дуглас Кеннеди, » Қазақстан Халық банкі» басқармаларының төрайымы Әсия Сырғабекова, «ЦентрКредит банкі» ААҚ басқармаларының төрағасы Владислав Ли қол қойған.