Теміртауда "Испат-Кармет" компаниясының екі нысанында өрт шықты. Зардап шеккендер жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теміртауда "Испат-Кармет" компаниясының екі нысанында өрт шықты. Зардап шеккендер жоқ

Теміртауда "Испат-Кармет" компаниясының екі нысанында өрт шықты. Зардап шеккендер жоқ

26-желтоқсанда Теміртауда "Испат-Кармет" компаниясының екі нысанында өрт шықты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қарағанды облыстық мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің баспасөз орталығынан хабарлады.

  • 27 Желтоқсан 2004
  • 512
Фото - Caravan.kz

Кешкі сағат 8 шамасында «Испат-Кармет» компаниясының №1 кен байыту фабрикасында көмір тасымалдайтын лента жана бастаған. Бастапқыда өртке ең жоғарғы төртінші дәреже берілді. Өртті сөндіру жұмыстарына Теміртаудағы 8 өрт сөндіруші топ пен Қарағандының өрт сөндірушілері жұмылдырылды. Соның нәтижесінде өрттің күрделілік дәрежесі үшке дейін төмендетілді. Өрт бір жарым сағатта толық ауыздықталды.

Ал түнгі сағат 23-те «Испат-Кармет»ААҚ-ның тағы бір нысаны — №3 металл жаймалары цехында өрт шықты. Бұл жерде қалайылы металл кесетін құрылғы мен транспорттық лента от құшағына оранған. Бұл жолы Теміртау қалалық өртке қарсы күрес қызметі тілсіз жауды өз күшімен ауыздықтай алды. Өрт жарты сағат ішінде сөндірілді. Зардап шеккендр мен құрбан болғандар жоқ. Өрттің шығу себептері анықталу үстінде.
«Испат-Кармет» ААӨ-ның баспасөз қызметінен хабарлағанындай, қазіргі жағдаймен комбинаттың барлық құрылымдары мен бөлімдері қалыпты тәртіпте жұмыс істеуде. Дайын өнім бұрынғыдай режиммен тиеліп жатыр.

Перейти к новостям спорта