Қазақстанның фискалдық саясаты негізінен ел экономикасындағы басы артық долларды ығыстырып шығаруға бағытталуы тиіс - Қазақстан Елбасы - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның фискалдық саясаты негізінен ел экономикасындағы басы артық долларды ығыстырып шығаруға бағытталуы тиіс - Қазақстан Елбасы

Қазақстанның фискалдық саясаты негізінен ел экономикасындағы басы артық долларды ығыстырып шығаруға бағытталуы тиіс - Қазақстан Елбасы

Ұлттық валютаның нығаю ағымының ұзақ сақталуы әзірге инфляцияны тұрақты төмендетуге мүмкіндік бермей, ақша массасын стерилизациялау шығындарын арттыра түсу салдарынан Ұлттық банк алтынвалюта қорын қайта бағалауға байланысты шығынға ұшырауда. Таза монетарлық тәсілдермен теңгенің тұрақтылығын толыққанды сақтап қалу мүмкін болмай отыр. Бұл туралы мемлекет басшысының ресми сайтында жарияланған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөйлеген сөзінің мәтінінде айтылған,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 27 Желтоқсан 2004
  • 1711
Фото - Caravan.kz

«Егер бұл ағымға тойтарыс берілмеген жағдайда агроөнеркәсіптік, тұрғын үй және индустриялық-инновациялық тәрізді айрықша маңызды экономикалық бағдарламаларды жүзеге асыру мүмкін болмай қалады. Отандық өнім өндіруші бәсекелестік қабілетінен айралып, ипотекалық несиелердің ставкасы инфляцияға сәйкес өсіп отырмақ»,- деді Н.Назарбаев. Мұнай өндіру көлемін арттыру жоспары да теңгенің нығая түсуіне түрткі болатыны анық, деді Елбасы.

Осындай тауқыметтерге байланысты Ұлттық қордың жаңа тұжырымдамасы аясында ақша-қарыз және фискалдық саясаттың басымдықтарын қайта қараудың маңызы зор, дейді Елбасы.
«Қазақстанның фискалдық саясаты бұдан былай ел экономикасындағы басы артық долларды ығыстырып шығаруға бағытталуы ләзім. Бұл процесте монетарлық саясат ауыртпалықтың бір бөлігін ғана арқалауы тиіс»,- деп пайымдайды президент.
Ұлттық қорды қалыптастырудың жаңа тәртіптері құқықтық-нормативтік базаға өзгерістер енгізуді талап етеді. «Сол себепті өзгерістер мен толықтырулар топтамасын дайындау жұмыстарын сөзбұйдаға салмай, оларды тез арада қабылдауға күш салу қажет»,- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Перейти к новостям спорта