Шымкент қалалық соты есірткі таратумен шұғылданған қылмыстық топтың мүшелерін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім шығады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкент қалалық соты есірткі таратумен шұғылданған қылмыстық топтың мүшелерін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім шығады

Шымкент қалалық соты есірткі таратумен шұғылданған қылмыстық топтың мүшелерін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім шығады

Шымкент қалалық соты аса ірі көлемде есірткі таратумен шұғылданған қылмыстық топтың мүшелерін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім шығады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 27 Желтоқсан 2004
  • 631
Фото - Caravan.kz

Сот барысында дәлелденгеніндей, тұрақты қылмыстық топ 2003-жылдың тамызы мен 2004-жылдың ақпан айлары аралығында есірткі таратумен шұғылданған. Есірткіні Өзбекстаннан сатып алған олар Қазақстанның солтүстік аймақтары мен Ресейде таратқан. ҰҚКД қылмыстық топты құрықтау үшін ауқымды операция ұйымдастырды. Биылғы көктемде осындай шараның нәтижесінде Оңтүстік Қазақстан тұрғындары Ильхам және Музраф Мирзахметовтар мен Итхам Ташметов ұсталды. Ақтөбе мен Қарағандыда да төрт есірткі тасымалдаушы ұсталып, олар қазір жазасын өтеп жатыр. Тағы да 10 курьерге іздеу жарияланды. Жалпы алғанда 200 грамм героин тәркіленді. Есірткілер автокөліктің жанармай құйғышында жасырылып тасымалданған. Автокөлік жеткізілген жерде сатылып отырған.

24-желтоқсанда Шымкент қалалық соты И. Мирзахметовты 18 жылға бас бостандығынан айырды. Бұған қоса оның дүние-мүлкі тәркіленіп, 400 айлық естептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеуі тиіс. Ал М.Мирзахметовтың дүние-мүлкі тәркіленіп, 17 жылға, И.Ташметов 16 жылға бас бостандығынан айрылды. Олардың бәрі де жазаны қатаң тәртіпті абақтыда өтейтін болады.
Сондай-ақ, сот И. Мирзахметовтың жұбайы Гаухар Ташметованың кінәсі дәлелденді. Үш баланың анасы жалпы тәртіпті абақтыда 13 жыл отыратын болып үкім кесіліп, ол сот залында қамауға алынды.

Перейти к новостям спорта