Таиланд Корольдігіндегі апат аймағында қалған Қазақстандық туристер елге бет түзеді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таиланд Корольдігіндегі апат аймағында қалған Қазақстандық туристер елге бет түзеді

Таиланд Корольдігіндегі апат аймағында қалған Қазақстандық туристер елге бет түзеді

Бүгін, 28-желтоқсанда Таиланд Корольдігіндегі апат аймағында қалған Қазақстандық туристерді бортына алған "Эйр Астана" әуе компаниясының алғашқы ұшағы Бангкоктен Алматыға оралады. Бұл туралы үкіметтің ресми сайтында жарияланған ҚР СІМ-нің хабарламасында айтылған.

  • 28 Желтоқсан 2004
  • 504
Фото - Caravan.kz

ҚР СІМ-нің консулдық қызметі депуартаменті директорының орынбасары Ырысқали Дәуренбектің айтуынша, Қазақстан азаматтарын алған ұшақ Астана уақытымен 00.24 минутта Пхукеттен Бангкокке ұшып шықты. Дегенмен, апат аймағында қалған еліміз азаматтарының нақты саны әлі де белгісіз. Оның айтуынша, отандастырымыз Көкшетау, Ресей (Новосибирск арқылы), Қырғыз (Бішкек арқылы) және Оңтүстік Корея (Сеул арқылы) әуе компанияларының ұшақтарымен де оралуда.

Ауруханада қалған үш азамат туралы Ы.Дәуренбектің түсініктемесіне жүгінсек,олардың екеуі балалар көрінеді. Олардың жағдайы орташа деп бағалануда.
Зілзала кезінде жұмыс сапарымен Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде жүрген ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаев басқарған еліміздің сыртқы саясат мекемесінің бсшылығы Таиланд Корольдігіндегі дипломатиялық миссияға Қазақстан азаматтарына елге оралуға арналған құжаттарды шұғыл рәсімдеп қол ұшын беру туралы тапсырма берілді.
Бангкок әуежайында арнаулы ақпараттық бөлімшелер ашылды. Бұл жерде азаматтар өз дипломатиялық өкілдіктері туралы және құжаттарын жоғалтып алған жағдайда шұғыл құжат рәсімдеу тәртіптері туралы ақпараттарды тікелей әуежайда ала алады.
Елшінің айтуынша, туристердің ата-аналары Астанадағы 8-3172-32-75-46, Алматыдағы 8-3272-70-30-97, Бангкоктегі 8-10-662-234-63-65 санды шұғыл телефондар бойынша анықтама алуына мүмкіндік бар.

Перейти к новостям спорта