Құмкөл кенішіндегі "Торғай-петролеум" ұңғыларында мұнай өндіру тоқтатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құмкөл кенішіндегі "Торғай-петролеум" ұңғыларында мұнай өндіру тоқтатылды

Құмкөл кенішіндегі "Торғай-петролеум" ұңғыларында мұнай өндіру тоқтатылды

27-желтоқсан, дүйсенбіде "ПетроҚазақстан Құмкөл Рисорсиз" АҚ мұнай құбырының жапқыш тиегін қайыру арқылы Құмкөл кенішінің солтүстік бөлігін игеруші "Торғай-петролеум" ЖАҚ-ның ұңғыларында мұнай өндіруді біржола тоқтатты. Бұл туралы "Торғай-петролеум" компаниясы таратқан хабарламада айтылған.

  • 28 Желтоқсан 2004
  • 823
Фото - Caravan.kz

«Мұнай құбыры қандайбір заңды негізсіз бір жақты жабылған. Соның салдарынан мұнай кенішінде апатты жағдай туындады»,- делінген хабарламада. Компаниядағылардың атап көрсетуінше, «мұнай өндіруді әсіресе қыс маусымында біржола тоқтату техникалық және ұйымдастырушылық сипаттағы қиындықтармен бірге (ұңғылардың жұмысын қалпына келтіруге бағытталған), күн сайын 10 мың тонна мұнай өндіруге бағытталған жоспарды бұзып, келісім-шарт бойынша жүктеп алған міндеттемелерді орындауға кедергі келтіруде. Бұл кәсіпорын, оның акционерлері мен барлық сатылы республикалық бюджетттер үшін айтарлықтай шығын әкелмек».

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Торғай-петролеум» компаниясы акцияларын 50 проценттен «ЛУКОЙЛ» ААҚ мен Канаданың PetroKazakhstan компаниялары тең бөліскен бірлескен кәсіпорын болып табылады. Бірлескен кәсіпорын Қызылорда облысындағы Құмкөл кенішінің солтүстік бөлігін игереді. 2003-жылы 177 шақырымдық Құмкөл-Жосалы мұнай құбыры іске қосылды. «Торғай-петролеум» бірлескен кәсіпорнының 30 мың тонна көлеміндегі алғашқы мұнайы КТК жүйесіне 2003-жылғы қазан айында жіберілді.

Перейти к новостям спорта