Қызылорданың оңтүстік бөлігінде алты күннен бері жылуға байланысты ауыр ахуал қалыптасып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорданың оңтүстік бөлігінде алты күннен бері жылуға байланысты ауыр ахуал қалыптасып отыр

Қызылорданың оңтүстік бөлігінде алты күннен бері жылуға байланысты ауыр ахуал қалыптасып отыр

Қызылорданың оңтүстік бөлігінде алты күннен бері жылуға байланысты ауыр ахуал қалыптасып отыр,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 28 Желтоқсан 2004
  • 502
Фото - Caravan.kz

Қызылорда қаласының әкімі Мұрат Үдербаевтың айтуынша, 24-желтоқсанда Қызылордадағы ауданаралық жылыту орталығының алты қазандығының үшеуі істен шығып қалған. Орталық облыс тұрғындарының үштен бір бөлігінен астамын жылумен қамтамасыз етеді. Атап айтсақ, ол көп қабатты 142 тұрғын үй, 15 мектеп және мектепке дейінгі мекемелер, 300-ге жуық шағын және орта бизнес нысандары, 16 денсаулық сақтау және мәдениет нысандары мен жеке меншік үйлерді жылытады.

Сарапшылардың пікірінше, апаттың шығуына электр қуатының тұрақты кернеумен берілмеуі мен кәсіби маман тапшылығы және жалақы берешегі сынды жанама себептер де түрткі болған.
М.Үдербаевтың айтуынша, төтенше жағдайдың зардабын жою үшін шұғыл штаб құрылып, басқа кәсіпорындардан кәсіби мамандар шақырылды. 27-желтоқсанда бірлескен күш-жігермен үш қазандықтың екеуін іске қосуға мүмкіндік жасалды. «Бүгін, 28-желтоқсанда кешке қарай үшінші қазандық та іске қосылады деп уәде беруде. Алайда, қала тұрғындары бұны бірден сезіне алмайды. Өйткені, технологияға сәйкес желідегі температура біртіндеп көтеріледі»,- деді Қызылорда әкімі.
М.Үдербаевтың айтуынша, Қызылордадағы ауданаралық жылыту орталығының қызметкерлеріне берешек жалақы қарызына қатысты машақат шешілді. «Жергілікті жылу электр орталығында қазандықтардың осылайша істен шығуы мүмкіндігін жою үшін онда тағы бір турбина жұмыс істей бастады. Ол ауданаралық жылыту орталығының электр қуатына деген сұранысын кепілді түрде қамтамасыз ететін болады»,- деді М.Үдербаев.

Перейти к новостям спорта