Астанада Елбасының қатысуымен парламент мәжілісінің салтанатты отырысы ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Елбасының қатысуымен парламент мәжілісінің салтанатты отырысы ашылды

Астанада Елбасының қатысуымен парламент мәжілісінің салтанатты отырысы ашылды

Бүгін, 29-желтоқсанда Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен парламент мәжілісінің салтанатты жалпы отырысы басталды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Елордадан. Отырыс Есілдің сол жағалауында салынған жаңа ғимаратта өтуде.

  • 29 Желтоқсан 2004
  • 376
Фото - Caravan.kz

Депутаттар алдында сөз сөйлеген Н.Назарбаев бұл ғимараттың қасиетті шаңыраққа айналуын, онда депутаттардың ел игілігі үшін үлкен құлшыныспен еңбек етуін тіледі. «Жаңадан шақырылған парламенттің жаңа ғимаратта жұмыс бастауы — жақсылықтың нышаны»,- деді Елбасы.

Президент үшінші шақырылған парламенттің алғашқы сессиясында елімізде жаңаша даму кезеңі басталғанын жария еткенін еске салды. «Сол жағалауға мәжілістің бірінші болып қадам жасау кездейсоқтық емес, өйткені, заң жобаларын бірінші болып қабылдайтын да осы мәжіліс»,- деді президент.
«Көп кешікпей жаңа жерде қоныс тойын да тойлайсыздар деп сенемін»,- деді Н.Назарбаев. Елбасының айтуынша, мәжіліс ғимаратының жанында депутаттарға арналған тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталуға таяды.

Перейти к новостям спорта