Иран мен Қазақстан СІМ екі мемлекет азаматтарының өзара барыс-келісін жеңілдету бағытындағы жұмыстарды одан әрі жалғастырмақ ниетте - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Иран мен Қазақстан СІМ екі мемлекет азаматтарының өзара барыс-келісін жеңілдету бағытындағы  жұмыстарды одан әрі жалғастырмақ ниетте

Иран мен Қазақстан СІМ екі мемлекет азаматтарының өзара барыс-келісін жеңілдету бағытындағы жұмыстарды одан әрі жалғастырмақ ниетте

Иран мен Қазақстан СІМ екі мемлекет азаматтарының өзара барыс-келісін жеңілдету бағытындағы жұмыстарды одан әрі жалғастырмақ ниетте. Бұл туралы консулдық мәселелері бойынша Астанада өткен Иран мен Қазақстан сыртқы істер министрліктері арасындағы консультациялардың қорытындысы бойынша ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі таратқан хабарламада айтылған.

  • 29 Желтоқсан 2004
  • 391
Фото - Caravan.kz

Консультациялар барысында азаматтардың өзара барыс-келісіне, кәсіпкерлер мен халықаралық бағытта автокөлікпен жүк таситын жүргізушілерге виза беруге, виза беру бағасын арзандатуға, өзара консулдық бөлімдер ашуға қатысты мәселелер талқыланды. Тараптар азаматтардың өзара барыс-келісі туралы келісімге қол қою қажет деген тұжырымға келді.

Тараптар 2005-жылдың 1-ақпанынан бастап кәсіпкерлерге екі елдің сауда-өнеркәсіп палаталарының кепілдеме хаттары негізінде өтініш түскен сәттен бастап екі күн ішінде виза беру, сондай-ақ, консулдық алымдарды келген елдің ұлттық валютасында алу туралы келісті.
Иран өкілдерінің бастамасы бойынша транзиттік виза алу мәселесін жеңілдету, транзитті жолаушылардың кедендік және шекаралық тексерулерін реттеу мәселелері бойынша Қазақстан, Иран, Өзбекстан және Түрікменстан консулдық қызметтері арасындағы төрт жақты консультацияларды 2005-жылы Иранда өткізу жайы талқыланды.
ҚР СІМ-нің өкілдерін консулдық қызмет департаментінің директоры Уәлихан Қоңырбаев, Иран Ислам Республикасы СІМ-нің өкілдерін бас консулдық басқарманың бас директоры Сейд Расул Мохаджер басқарды.
Консультациялардың төртінші раунды 2005-жылдың сәуір айында Мешхедте өтеді.

Перейти к новостям спорта