Солтүстік Қазақстан облысындағы бір аудан орталығында емхана ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+8 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысындағы бір аудан орталығында емхана ашылды

Солтүстік Қазақстан облысындағы бір аудан орталығында емхана ашылды

29-желтоқсан , сәрсенбіде Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданы Бескөл ауданының орталығында емхананың жаңа ғимаратының ашылу салтанаты өтті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 30 Желтоқсан 2004
  • 630
Фото - Caravan.kz

Аудандық емхана ғимаратының құрылысы 1989-жылы салына бастаған. Алайда осыдан көп кешікпей тоқтап қалған құрылыс жұмыстарын тендерде жеңіске жеткен Астананың «Құлагер» ЖШС биылғы жылдың маусым айында қайтадан жандандырды.

Емхана құрылысын аяқтау үшін республикалық бюджеттен бөлінген 160 млн. теңгенің 48 миллионы қазіргі заманғы медициналық жабдықтар сатып алуға жұмсалды. Бұған дейін баракта орналасқан аудандық емхана ендігі жерде күніне 200 науқасты қабылдай алады.
Емхананың салтанатты ашылу рәсімінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Тайыр Мансұровтың хабарлауынша, алдағы жылы денсаулық сақтау саласының тауқыметтерін шешуге облыстық бюджеттен ауқымды қаржы бөлінеді. Онсыз да жетіп артылатын бұл саладағы тауқыметтердің ең зоры — дәрігерлер тапшылығы болмақ. Бір ғана Қызылжар ауданында қазіргі жағдаймен 10 бос жұмыс орны болса, жалпы облыс бойынша бұл көрсеткіш 200-ге жетеді. Бұл проблеманы шешу үшін алдағы жылы дәрігерлерді тұрғын үйлермен қамтамасыз ету көзделген.
Жаңадан ашылған емхананың негізінде алдағы уақытта мүгедектерді сауықтыру жөніндегі облыстық орталық ашу жоспарланған.

Перейти к новостям спорта