Шымкентте құрылыс-монтаж басқармасының жұмысшылары жалақыларын талап етіп пикет ұйымдастырды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте құрылыс-монтаж басқармасының жұмысшылары жалақыларын талап етіп пикет ұйымдастырды

Шымкентте құрылыс-монтаж басқармасының жұмысшылары жалақыларын талап етіп пикет ұйымдастырды

29-желтоқсан, сәрсенбіде Шымкенттегі құрылыс-монтаж басқармасының ғимаратының жанында жалақыларын талап еткен осы мекеме жұмысшылары пикет ұйымдастырды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 30 Желтоқсан 2004
  • 516
Фото - Caravan.kz

Жұмысшылар журналистерге екі айдан бері жалақыларын ала алмай отырғанын хабарлап мұңдарын шақты. Кәсіпорын басшылығы жалақыны уақытылы төлемеу себептерін түсіндірмей отыр. Ал жуырда мекеме алдына жұмысшылардың төлемсіз демалысқа жіберілгені туралы жария ілінді.

Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік бас еңбек инспекторы Елубай Махатовтың айтуынша, бұл кәсіпорынның үстінен көптеген шағымдар келіп түсті. Осыған байланысты облыстық еңбек және әлеуметтік қорғау департаменті қалыптасқан ахуалды тексеруге кіріседі. Жағдайды қиындатып отырған тағы бір фактор — жұмысшылардың қолында жеке еңбек шартының жоқтығы болмақ.

Перейти к новостям спорта