Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы Республика даңғылында орналасқан тұрғын үйдің бір пәтерінде өрттен кейін қаза тапқан екі адамның мәйіті табылды. Шығыс Қазақстан облысында адамдарды өлім құштырған үш бірдей өрт шықты. Мәселен, Семейде жеке меншік үйде шыққан өрт кезінде 2 және 5 жастағы екі бала мерт болды. Шығыс Қазақстан облысының Предгорное ауылында өрт салдарынан 22 жастағы жігіт, ал Новоявленка ауылында 47 жастағы ер адам мерт болды.
30-желтоқсанға қараған түні Алматыдағы «Пугасово» кафесінде үлкен өрт шықты. Өрт 500 шаршы метр аумақты шарпыды. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. 50 адам басқа жаққа көшірілді. Өрт 5 сағат 31 минутта сөндірілді.