Мұз кесектері бөгеп тастау салдарынан Сырдарияның жағалауын су басып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұз кесектері бөгеп тастау салдарынан Сырдарияның жағалауын су басып кетті

Мұз кесектері бөгеп тастау салдарынан Сырдарияның жағалауын су басып кетті

Қызылорда облысында мұз кесектері бөгеп тастау салдарынан Сырдарияның жағалауын бойлай Жалағаш, Қармақшы және Сырдария аудандарының аумағын су басып кетті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 5 Қаңтар 2005
  • 444
Фото - Caravan.kz

Өзеннің арнасынан асу құбылысы 3 және 4-қаңтарда болды. Бір қуанарлығы, елді мекендерге судан қауіп төніп тұрған жоқ. Жалағаш ауданының «Қорғанша» учаскесінде сең түзілді. Соның салдарынан коллектордың шлюзы орнатылған тұсты су алып кетті. Бөгеттің 8-10 метрін су шайып, жалпы 23 шаршы шақырым аумақты су алып кетті. Күріш егетін алқапты да жартылай су алып кетті. Қармақшы ауданында 20,5 шаршы шақырымды, Сырдария ауданында 4 шаршы шақырым аумақ су астында қалды.

Қазір ол жерлерде төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының топтары жұмыс істеп жатыр.

Перейти к новостям спорта