Оның айтуынша, бүгінде Шардара су қоймасынан секундына 700 текше метр су жіберіліп, секундына 1423 текше метр су келіп жатыр. Су қоймасындағы судың көлемі 2,85 млрд. текше метрді құрайды. Ал жобалық көлем 5,2 млрд. текше метрге тең.
4-қаңтар, сейсенбіде ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің су ресурсы комитетінің төрағасы Анатолий Рябцев Оңтүстік Қазақстан облысына барды. Ол Шардара су қоймасында болып, жағдаймен көзбе-көз танысты. Сол күні А.Рябцев Қызылорда облысына келді.
К.Кенжалиевтің хабарлауынша, су ресурстары комитетінің басшылығы Шардарадан тасталатын судың көлемін азайту туралы мәселе көтеріп отырған жоқ. Егер су қоймасының толу қарқыны бұрынғы қалпында қалатын болса, қаңтар айының аяғы- ақпанның басында қойманың қалыпты жұмыс көлемі толады, деді ол.