Жаңа басшылықтың алға қойған мақсат-міндеттері мен басымдықтарын Д.Рупел 13-қаңтарда Венада өтетін Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы Тұрақты кеңесінің бас қосуында ресми түрде жария етеді.
Желтоқсан айының басында София қаласында өткен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы сыртқы істер министрлері кеңесінің бас қосуында Д.Рупел былай деп мәлімдеген болатын : «Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы осы аймақ пен одан тысқары жерлерде қауіпсіздік пен ынтымақтастықты баянды болдыруда маңызды роль атқару мүмкіндігін қамтамасыз етуге Словения тарапынан батыл қадамдар жасалады».
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының құрамына 55 мемлекет енеді.