Петропавлда жасөспірімдер шіркеу салуға арналған қайыр-садақасы бар жәшікті тонап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлда жасөспірімдер шіркеу салуға арналған қайыр-садақасы бар жәшікті тонап кетті

Петропавлда жасөспірімдер шіркеу салуға арналған қайыр-садақасы бар жәшікті тонап кетті

Петропавлдағы бір дүкенде шіркеу салуға арналған қайыр-садақасы бар жәшік тоналды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Солтүстік Қазақстан облыстық ІІБ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 6 Қаңтар 2005
  • 490
Фото - Caravan.kz

Ұрлық туралы Петр және Павел әулиелер соборының настоятелі протоиерей Сергий хабарлаған. Тәртіп сақшылары Ресейден келген 15 жасар ұлдың ұрлыққа барғанын анықтады. Омбыдағы жетімдер үйінен жазда қашып шыққан ол содан бері Петропавлда тұрған. Денис жаңадан тауып алған досымен бірге ұрлық жасапты. Садақа салған жәшікті дүкеннен алып шыққан екі бозбала оны шағып, ішіндегі 8 мың теңгені жұмсап жіберген.

Қазір күдікті кәмелеттік жасқа жетпегендерді уақытша оқшаулау және сауықтыру орталығында отыр. Кешікпей ол Омбыдағы жетімдер үйіне қайтарылады.
Мұндай жәшіктер Петропавлдағы дүкендердің көбінде орнатылған. Сол арқылы осымен алты жылдан бері Петропавлда құрылысы жүргізіліп жатқан жаңа шіркеуді аяқтауға қаржы жинау көзделген.

Перейти к новостям спорта