Оңтүстік Шығыс Азиядағы апат аймағынан еліміздің 485 азаматы жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Шығыс Азиядағы апат аймағынан еліміздің 485 азаматы жеткізілді

Оңтүстік Шығыс Азиядағы апат аймағынан еліміздің 485 азаматы жеткізілді

Бүгін, 6-қаңтарда "Эйр Астана", "Ирбис" және "Көкшетау әуе желілері" әуе компанияларының рейсімен Оңтүстік Шығыс Азиядағы апат аймағынан еліміздің 318 азаматы оралды. Жалпы алғанда 29-желтоқсан мен 6-қаңтар аралығында зілзала аймағынан 485 Қазақстан азаматы көшірілді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 6 Қаңтар 2005
  • 494
Фото - Caravan.kz

«6-қаңтардағы жағдаймен еліміздің үш азаматы хабар-ошарсыз кеткендер санатында. Жойқын цунами алдында Таиландға аттанған 8 адам әлі де іздестірілуде. Олардың туған-тусқандары 28-30-желтоқсан аралығында шұғыл телефон желісі арқылы хабарласты»,- дейді ҚР СІМ-нің баспасөз қызметіндегілер. Сондай-ақ, апаттан кейін Таиланд еліне жол тартқан 12 адам да іздестіріліп жатыр.

ҚР СІМ-нің шұғыл телефон желісінің арқасында 28-желтоқсан мен 6-қаңтар аралығында 10 адам табылды. Астанадағы 32-75-46 шұғыл телефон желісі тәулік бойы жұмыс істеуде.
«Қазақстан табиғат апатынан зардап шеккен елдерге жәрдемдесуді одан әрі жалғастырады. Мұндай көмек ЮНИСЕФ желісімен де көрсетіледі»,- дейді баспасөз қызметі. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, қайырымдылық көмектің алғашқы партиясын Қазақстан 2-қаңтарда Шри-Ланка еліне жөнелтті.

Перейти к новостям спорта