ҚР қаржы министрлігі 2005-жылдың 1-тоқсанында 52 млрд. теңгенің қазынашылық міндеттемелерін саудаға шығарады - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР қаржы министрлігі 2005-жылдың 1-тоқсанында 52 млрд. теңгенің қазынашылық міндеттемелерін саудаға шығарады

ҚР қаржы министрлігі 2005-жылдың 1-тоқсанында 52 млрд. теңгенің қазынашылық міндеттемелерін саудаға шығарады

ҚР қаржы министрлігі 2005-жылдың 1-тоқсанында Қазақстан қор биржасына 52 млрд. теңгенің (40 млн. доллар) қазынашылық міндеттемелерінің үш шығарылымын саудалайды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР қаржы министрлігінен хабарлады.

  • 6 Қаңтар 2005
  • 459
Фото - Caravan.kz

Мемлекеттік ұзақ мерзімді жинақтық қазынашылық міндеттемелердің (МЕҰЖҚАМ) 18 млн. теңгеге бағаланған алғашқы шығарылымын биржаға шығару қаңтар айының аяғына межеленген. Ақпан айында тағы да осындай қаржыға Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді (МЕОҚАМ) сату көзделіп отыр. Ал наурыз айының аяғында 16 млрд. теңгеге Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелер (МЕҚҚАМ) саудаға шығарылады.

«Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару Қазақстан қор рыногындағы құралдар санын арттыруға бағытталады. Соның ішінде ұзақ мерзімді міндеттемелер зейнетақы қорлары үшін қызығушылық тудырмақ»,- дейді қаржы министрлігіндегілер.

Перейти к новостям спорта