Қазақстандық зиялылар Азия аймағындағы зілзаладан зардап шеккендерге арналған көмек қорын құрмақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық  зиялылар Азия аймағындағы зілзаладан зардап шеккендерге арналған көмек қорын құрмақшы

Қазақстандық зиялылар Азия аймағындағы зілзаладан зардап шеккендерге арналған көмек қорын құрмақшы

Қазақстандық зиялылар цунамиден зардап шеккен Оңтүстік Шығыс Азия аймағына жіберуге арналған қайырымдылық көмек қорын құру үшін бір коммерциялық банкте арнайы есепшот ашты. Бұл туралы бүгін, 6-қаңтарда Алматыдағы баспасөз мәслихатында балалар педиатриясы мен хирургиясы институтының директоры Камал Ормантаев пен Қазақ тағамтану институтының президенті Төрегелді Шарманов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 6 Қаңтар 2005
  • 419
Фото - Caravan.kz

«Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне келген кесапаттың ауқымын әсіресе дәгерлер қауымы жан-тәнімен сезініп отыр. Табиғи апаттың өзінен гөрі оның жұқпалы және паразитті індеттер түріндегі залал-зардабы тіптен қатерлі және оны жоюға ұлығаусар қаржы талап етіледі»,- деп пайымдайды қоғамдық жәрдем туралы бастама иелері.

Т.Шармановтың айтуынша, қайырымдылық шотқа түсетін қаржыны басқару үшін қоғамдық көмек қорын құру көзделген. «Қордың құрылымы мен ақшаны тарату барысы мейлінше ашық болады. Оның үстіне қайырымдылық мақсат үшін қоғамдық қаржы жинау тұрғысында біздің тәжірибеміз жеткілікті»,- деді ол.
Әзірге қор заңдық тұрғыда тіркелмегендіктен арнаулы есепшот К.Ормантаевтың атына ашылды.

Перейти к новостям спорта