Азия даму банкі цунамиден зардап шеккен үш елге қосымша 500 млн. доллар бөлмекші - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азия даму банкі цунамиден зардап шеккен үш елге қосымша 500 млн. доллар бөлмекші

Азия даму банкі цунамиден зардап шеккен үш елге қосымша 500 млн. доллар бөлмекші

Азия даму банкі желтоқсан жер сілкінісі мен цунамиден зардап шеккен үш елге қосымша 500 млн. доллар бөлуге дайын. Бұл туралы Оңтүстік шығыс Азия елдері Қауымдастығының арнаулы жиынында Азия даму банкінің президенті Тадао Чино мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне Азия даму банкінің баспасөз қызметінен.

  • 7 Қаңтар 2005
  • 520
Фото - Caravan.kz

«500 млн. доллар көлеміндегі қаржы Индонезия, Мальдивы және Шри -Ланка елдеріне грант және несиелік қаржы түрінде жеңілдетілген шартпен беріледі»,- деді Азия даму банкінің президенті. Бұған дейін Азия даму банкі 325 млн. доллар бөлетінін, оның 175 млн. доллары табиғат апатынан зардап шеккен елдерде банк жүзеге асырып жатқан жобалардан аударылып берілетіні айтылған.

Т.Чино көмекпен бірге халықаралық қоғамдастық тарапынан апат аймағындағы тұрмыс-тіршілікті қалпына келтіру және ондағы халықты күн көріс құралдарымен қамтамасыз ету үшін ауқымды әрі нақты үйлестіріліп-реттелген әрекеттер жүзеге асырылатынын айтты.
Сондай-ақ, Азия Даму банкінің президенті Үнді мұхитында цунами туралы алдын-ала хабар беретін жүйе құруға бағытталған зерттеулерді басқаруға және бұл мақсатқа 1 млн. доллар бөлуге әзірлік танытты. Оның пікірінше, осындай жүйе болған жағдайда сан мыңдаған адамның өмірін сақтап қалуға болар еді.

Перейти к новостям спорта