"Қазақстанның демократиялық таңдауы" партиясы қоғамдық бірлестікті тарату туралы сот шешіміне қарсы шағым түсірмекші - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қазақстанның демократиялық таңдауы" партиясы қоғамдық бірлестікті тарату туралы сот шешіміне қарсы шағым түсірмекші

"Қазақстанның демократиялық таңдауы" партиясы қоғамдық бірлестікті тарату туралы сот шешіміне қарсы шағым түсірмекші

"Қазақстанның демократиялық таңдауы" Халықтық партиясы" қоғамдық бірлестігі партияны тарату туралы сот шешіміне қарсы шағым түсірмекші. Бұл туралы бүгін, 7-қаңтарда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюроның Қазақстандық өкілдігінің директоры Евгений Жовтис хабарлады.

  • 7 Қаңтар 2005
  • 1010
Фото - Caravan.kz

Е.Жовтистің пікірінше, сотта ҚР заңнамасы өрескел бұзылды. Мәселен, сот «Қазақстанның демократиялық таңдауы» партиясының заңгерлері алға тартқанындай, іс мамандандырылмаған аудандық сотта қаралуы тиіс деген өтінішті қанағаттандырмады, судья Г.Мейіржанова «А.Қожахметовтың ауырғаны туралы анықтаманы мойындамай, сот процессін ешбір негізсіз сырттай өткізді».

Сонымен бірге, Е.Жовтистің мәлімдеуінше, «сотта «Қазақстанның демократиялық таңдауы» партиясын таратуға пәрмен түсірілгені айқын байқалып тұрды». «Біз Алматы қалалық сотына шағым түсірмекшіміз, бұл отырысқа «Қазақстанның демократиялық таңдауы» партиясы қатысады». Сотта қоғамдық қорғаушылар ретінде Қазақстан демократиялық күштерін үйлестіру кеңесінің төрағасы Жармахан Тұяқбай мен Е.Жовтис қатысады. «Қазақстанның демократиялық таңдауы» партиясының заңгерлері судья Г.Мейіржанованың үстінен ҚР Жоғарғы сот кеңесі мен Алматы экономикалық соты төрағасының атына шағым түсірмекші.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, кеше, 6-қаңтарда Алматы қалалық мамандандырылған экономикалық соты судья Гүлнар Мейіржанованың басқаруымен «Қазақстанның демократиялық таңдауы» Халықтық партиясын мәжбүрлі тарату туралы шешім шығарды. Сот мәжілісіне «Қазақстанның демократиялық таңдауы» партиясының басшылығы келмегендіктен, процесс сырттай жүргізілді.
Прокуратураның атап көрсетуінше, «Қазақстанның демократиялық таңдауы» халықтық партиясы» қоғамдық бірлестігінің 2004-жылғы 11-желтоқсанда өткен екінші құрылтайында саяси мәлімдеме қабылданып, онда партия қазіргі билікті халыққа қарсы бағытталған заңсыз билік деп танитынын, сол себепті әкімдер мен соттардың шешіміне мойынсұнбайтынын мәлімдеп, қоғамды батыл қадамдарға, бағынбаушылыққа үндеген.
«Қазақстанның демократиялық таңдауы» партиясының» мәлімдемесі қазіргі билік жүйесіне жауластық көзқараста болумен бірге азаматтарды батыл бағынбаушылық әрекеттерге үндеп, әлеуметтік араздық тудырады». «Азаматтарды мойынсұнбауға шақыру арқылы ҚДТ мемлекеттің басқарушылық қабілетін нашарлату жолымен Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіруде. Бұл әрекет саяси экстремизмге жатады».

Перейти к новостям спорта