Зардап шеккен альпинист қар құрсауынан құтқарылып, түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің ақпаратына сәйкес, көшкіннің түсуіне альпинистің өзі түрткі болған.
Алматы облысы Талғар ауданындағы "Молодежный" мұздығында көшкін түсу салдарынан бір альпинист зардап шекті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.