Алматы полициясы 2005-жылы қаладағы ахуалды әуеден бақылай бастайды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы полициясы 2005-жылы қаладағы ахуалды әуеден бақылай бастайды

Алматы полициясы 2005-жылы қаладағы ахуалды әуеден бақылай бастайды

Алматы қалалық ІІББ 2005-жылы қаладағы ахуалды полиция тікұшақтарының көмегімен әуеден бақылай бастайды. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз мәслихатында қалалық ІІББ-ның қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Марат Жексенбеков журналистерге хабарлады.

  • 11 Қаңтар 2005
  • 380
Фото - Caravan.kz

М.Жексенбековтың айтуынша, қазір қалалық ІІББ ҚР Қорғаныс минстрлігімен қала үстімен ұшу мүмкіндіктері туралы келісімге келуде.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Алматы қалалық ІІББ 2003-жылы Ми-34С маркалы екі бірдей жеңіл полиция тікұшағын сатып алған. Ондағы мақсат — ішкі істер бөлімінің бөлімшелері мен қызметтерінің мүмкіндіктері аясын кеңейту, жердегі полиция жасақтарына әуеден қолдау көрсету, қылмыскерлерді ізін суытпай іздестіріп құрықтауға, арнаулы полиция бөлімшелерімен бірлескен әрекеттерді жүзеге асыруға, қаланы әуеден күзетуге, тау және басқа да жетуі қиын жерлерде іздестіру жұмыстарын жүргізуге қол ұшын беру болып табылады.

Перейти к новостям спорта