Бір Өзбекстан тұрғыны Қазақстанның екі азаматын өлтірді деген күдікпен ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бір Өзбекстан тұрғыны Қазақстанның екі азаматын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Бір Өзбекстан тұрғыны Қазақстанның екі азаматын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Бір Өзбекстан тұрғыны Қазақстанның екі азаматын өлтірді деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 11 Қаңтар 2005
  • 395
Фото - Caravan.kz

2005-жылдың 1-қаңтарында Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданындағы бір фермада шаруа қожалығының қожайыны мен 25-30 жастағы белгісіз еркектің мәйіті табылған.

Тәртіп сақшылары қаза тапқан кәсіпкердің шаруашылығында соңғы кездері 17 жастағы Өзбекстан азаматы бақташы болып істегенін анықтады. Полиция қызметкерлері ол тұратын Сурхандария облысының Жарқорған ауданындағы әріптестерімен байланысқа шықты. Өзбекстан құқық қорғау органдарының қызметкерлері күдіктіні ұстады. Қазір Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІББ-ның қызметкерлері көршілес республикаға шығу үшін қызмет бабындағы іссапар құжаттарын рәсімдеуде.

Перейти к новостям спорта