Солтүстік Қазақстанда облыстық аграралық кеңес құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстанда облыстық аграралық кеңес құрылды

Солтүстік Қазақстанда облыстық аграралық кеңес құрылды

Солтүстік Қазақстан облысында өсімдік және мал шаруашылығы саласындағы озық технологияларды ғылыми тұрғыда зерттеу, оларды қолданысқа енгізу және насихаттау жөніндегі аграралық кеңес құрылды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 11 Қаңтар 2005
  • 417
Фото - Caravan.kz

Аграралық кеңестің басты мақсаты — Солтүстік Есілдің далалы және орманды-далалы аумақтарында озық технологияларды қолдануға ғылыми негіздеме беру және өндірістік сынақтан өткізу болып табылады.

Кеңес құрамына жетекші шаруашылықтар мен тәжірибелік станциялардың басшылары, аудандық ауылшаруашылығы басқармаларының мамандары енді. Кеңес төрағасы болып Солтүстік Қазақстанда облыстық тәжірибелік станциясының директоры Владимир Иванов сайланды. Облыстағы қазіргі бар үш тәжірибелік станцияның қызметкерлері ақылшы ретінде жұмысқа тартылады.
10-қаңтарда өткен кеңестің тұңғыш ұйымдастырушылық жиналысында 2005-жылдың алғашқы тоқсанына арналған жұмыс жоспары бекітілді. Отырыс барысында гербицидтер мен тыңайтқыштарды жаз маусымында пайдалану жөнінде облыстық бағдарлама әзірлеу туралы ұсыныс түсті. Бұл бағдарламаның жобасы кеңестің 20-қаңтарда өтетін кезекті отырысына дейін дайын болуы тиіс. Бағдарлама қаңтар айының аяғында өтетін ауылшаруашылығы мамандарының республикалық алқалы жиынында ортаға салынады дп шешілді.

Перейти к новостям спорта