Олимпиадаға Түркия, Армения, Қырғызстан, Өзбекстан, Саха Республикасы (Якутия), Ресей және Қазақстанның көптеген облыстарынан 180 оқушы қатысады.
Бірінші халықаралық олимпиада белгілі академик, көрнекті ғалым-математик Орымбек Ахметұлы Жәутіковтің құрметіне орай оның есімімен аталады.
Қазақстан Республикасы ғылым және білім министрлігі мамандандырылған физика-математика мектебі оқушыларының арасында физика және математика пәндерінен Халықаралық олимпиаданы жыл сайын өткізуді жоспарлап отыр.
Математика және физика олимпиадасы жоғары сынып оқушыларының білім деңгейін салыстыруға және оқыту әдістерімен алмасуға, дарынды оқушылардың математикалық ойлау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Олимпиаданың ең маңызды міндеті — оқушылардың ғылыми дүниетанымын кеңейту, ғылыми-зерттеу қызметіне деген қызығушылығын дамыту, әр елдің физика-математика мектептері арасында тұрақты байланыс орнату болып табылады.
2005 жылы 12 қаңтар күні сағат 16.00-де Қазақ Ұлттық университеттің Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында I-ші Халықаралық Жәутіков олимпиадасын Білім және ғылым министрінің орынбасары Күләш Шәмшидинова салтанатты түрде ашады.