Халық банкінің іс-қызметін Қырғызстанда банктерді жекешелендіру шарасы табысты жүзеге асырылуына үлгі ретінде атауға болады - Қырғызстан Ұлттық банкінің төрағасы - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Халық банкінің іс-қызметін Қырғызстанда банктерді жекешелендіру шарасы табысты жүзеге асырылуына үлгі ретінде атауға болады - Қырғызстан Ұлттық банкінің төрағасы

Халық банкінің іс-қызметін Қырғызстанда банктерді жекешелендіру шарасы табысты жүзеге асырылуына үлгі ретінде атауға болады - Қырғызстан Ұлттық банкінің төрағасы

2004-жылы Қазақстанның Халық банкі сатып алған бұрынғы осы елдің "Қайрат" банкі, басқаша айтқанда, Қырғызтан Халық банкінің іс-қызметін шетелдік инвесторлардың келуі нәтижесінде Қырғызстанда банктерді жекешелендіру шарасы табысты жүзеге асырылуына үлгі ретінде атауға болады. Бұл туралы Бішкекте өткен баспасөз мәслихатында Қырғызстан Ұлттық банкінің төрағасы Ұлан Сарбанов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 14 Қаңтар 2005
  • 418
Фото - Caravan.kz

Қырғызстан Ұлттық банкі төрағасының атап көрсетуінше, осыдан бірнеше жыл бұрын республикада банкроттыққа ұшыраған банктерді төрт аяғынан тік тұрғызу мүмкіндігіне ешкім де сенбеген. «Осындай күдік-күмәнға қарамастан, Қырғызстан үкіметі мен Қырғызстан Ұлттық банкі халықаралық ашық тендер өткізді»,- деді ол.

Ұ.Сарбановтың айтуынша, бұрынғы «Қайрат» банкінің тағдыры шешімнің дұрыстығына дәлел болмақ.
«Қайрат» банкі акцияларының қоржынын Қазақстандық банкке сату нәтижесінде Қырғызстан бюджетіне 1,25 млн. доллар көлемінде түсім түсті. Сонымен бірге Қырғызстан Халық банкінің жұмысы тұрақты жақсара түсуде.