Қарағандыда бір пәтерден 20 млн. теңгесі бар сейф ұрланды - kaz.caravan.kz
  • $ 479.82
  • 559.9
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда бір пәтерден 20 млн. теңгесі бар сейф ұрланды

Қарағандыда бір пәтерден 20 млн. теңгесі бар сейф ұрланды

Қарағандыда бір пәтерден белгісіз біреулер 20 млн. теңгесі бар сейфті тонап кетті. Бұл туралы Қарағанды облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 14 Қаңтар 2005
  • 329
Фото - Caravan.kz

Баспасөз орталығының ақпаратына сәйкес, 13-қаңтарда Қарағанды қаласы Михайлов аудандық полиция бөліміне бір жеке меншік фирманың есепшісі арыз берген. Әйелдің мәлімдеуінше, белгісіз бір қылмыскерлер өзі жоқ кезде пәтерге кіріп, жиған-терген 20 млн. теңгесі мен 800 мың теңгеге бағаланатын отбасылық бағалы алтын-күміс бұйымдары бар сейфті қолды болдырған.

Бұл дерек бойынша қазір тергеу амалдары жүргізілуде.