Шымкентте мектептегі каникул мерзімі тағы да ұзартылуы ықтимал - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-10 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте мектептегі каникул мерзімі тағы да ұзартылуы ықтимал

Шымкентте мектептегі каникул мерзімі тағы да ұзартылуы ықтимал

Шымкентте мектептегі каникул мерзімі тағы да ұзартылуы ықтимал. Бұл туралы KZ-today тілшісіне қалалық білім беру және спорт басқармасынан хабарлады.

  • 18 Қаңтар 2005
  • 756
Фото - Caravan.kz

Бастапқыда тұмауға шалдыққандар санының артуына байланысты Шымкент мектептеріндегі демалыс мерзімі 10-қаңтардан 17-қаңтарға дейін бір аптаға ұзартылған болатын. Алайда, 17-қаңтарда сабақ басталғанда мектептердің басым бөлігінде оқушылардың 60-70 проценті ғана жиналды. Қалалық білім беру және спорт басқармасының төрайымы Кенжегүл Сағындықованың хабарлауынша, қазіргі жағдаймен 100 мың оқушының 22 мыңы сырқат.

Бүгін, 18-қаңтарда Шымкентте эпидемияға қарсы комиссияның отырысы өтіп, онда демалыс мерзімін ұзарту мәселесі шешіледі.

Перейти к новостям спорта