Республика үкіметі 2015-жылға дейін су энергетикасын дамыту тұжырымдамасын мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республика үкіметі 2015-жылға дейін су энергетикасын дамыту тұжырымдамасын мақұлдады

Республика үкіметі 2015-жылға дейін су энергетикасын дамыту тұжырымдамасын мақұлдады

Бүгін, 18-қаңтарда Қазақстан үкіметі 2015-жылға дейін су энергетикасын дамыту тұжырымдамасын мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 18 Қаңтар 2005
  • 605
Фото - Caravan.kz

«Тұжырымдаманы қабылдау арқылы біз елімізде энергетика саласының даму тарихында тың парақты бастап отырмыз»,- деді отырысқа төрағалық жасаған үкімет басшысы Даниал Ахметов. «Қазақстанда су энергетикасы саласын дамытуға мүмкіндік мол»,- деді ол.

ҚР энергетика және минералды ресурстар министрінің орынбасары Бірлік Оразбаевтың айтуынша, тұжырымдаманың мақсаты — «республикамыздағы электр энергетикасы қуат көздерінің тиімді құрылымын қалыптастыру, ел экономикасы мен тұрғындарды арзан әрі экологиялық таза электр қуатымен қамтамасыз ету арқылы осы негізде еліміздің энергетикалық қауіпсіздігіне қол жеткізу» болып табылады.
Құжатта таяу және алыс перспективаға арналған бірқатар шаралар қарастырылған. Мәселен, 2010-жылға дейін Мойнақ және Кербұлақ Су электр станцияларын іске қосу көзделіп отыр. Министр орынбасарының айтуынша, «бұл Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы электр қуаты тапшылығын қысқа мерзімде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді». Б.Оразбаевтың айтуынша, Мойнақ Су электр станциясының құны 200 млн. долларға бағаланады.
Елімізде су энергетикасын дамыту үшін орны толтырылатын қуат көздері туралы заң қабылдап, «онда мемлекет тарапынан ынталандыру шаралары мен оларды жүзеге асыру тетіктерін қарастырған жөн».
Отырыс қорытындысы бойынша үкімет басшысы ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігіне аталмыш заң жобасын жасауға тапсырма берді. Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі мен қаржы министрліктеріне бұл салаға жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қаржысын жұмсау мүмкіндіктерін қарастыру тапсырылды. «Су энергетикасы саласы — еліміздің қаржылық ресурстарын тиімді пайдалануға болатын сала»,- деді Д.Ахметов.

Перейти к новостям спорта