2015-жылы Қазақстан Ресейге экспорттайтын электр қуаты мөлшерін 5-6 млрд. кВт/сағ дейін жеткізуді көздеп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2015-жылы Қазақстан Ресейге экспорттайтын электр қуаты мөлшерін 5-6 млрд. кВт/сағ дейін жеткізуді көздеп отыр

2015-жылы Қазақстан Ресейге экспорттайтын электр қуаты мөлшерін 5-6 млрд. кВт/сағ дейін жеткізуді көздеп отыр

2015-жылы Қазақстан Ресейге экспорттайтын электр қуаты мөлшерін 5-6 млрд. кВт/сағ дейін жеткізуді көздеп отыр. Бұл туралы бүгін, 18-қаңтарда үкімет отырысында ҚР энергетика және минералды ресурстар министрінің орынбасары Бірлік Оразбаев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 18 Қаңтар 2005
  • 637
Фото - Caravan.kz

«Біртұтас энергетикалық жүйені дамыту перспективасы Ресейге электр қуатын экспорттау мүмкіндігіне негізделеді. Экспорт мөлшері 2015-жылы 5-6 млрд. кВт/сағ дейін жетеді деп болжануда»,- деді ол.

«Еліміздің электр энергетикасы саласында үлкен мұқтаждық сезіледі»,- деді вице-министр.
Оның мәліметіне сүйенсек, қазір Қазақстанда 57 электр станциясы бар. «Олардың жалпы қуаты 18461 МВт-ты құрайды. Соның ішінде жылу электр станцияларының қуаты 16214 МВт (88%), су электр станцияларының қуаты 2247 МВт-қа (12%) тең».
«Ал энергетикалық жүйе қуатының тиімді құрылымын қалыптастыру үшін станциялар қуатының 15-20 проценті Су электр станцияларының үлесіне тиюі тиіс. Мұндай тиімді құрылым электр қуатына деген сұраныстың шарықтау шегін қамтамасыз етіп, жиілікті реттеуге қолайлы жағдай жасайды»,- деді Б.Оразбаев.
«Осыған байланысты Қазақстанда электр қуатына деген сұраныс анағұрлым артады деген болжам бар. Бұл сұранысты электр қуатымен жеке көздерден қамтамасыз ету проблемасын шешуді талап етеді»,- деді вице-министр.
Сонымен бірге Б.Оразбаев «мамандандырылған энергетикалық ұйымдардың» мәліметтерін келтірді. Соған сәйкес «Қазақстанның біртұтас энергетика жүйесін реттеудің талап етілетін диапазоны 1060 МВт немесе 12,8 процентті құрайды. Ал тіркелген максимум 8312 МВт-қа тең». «2010-жылғы болжамдық максимум 11400-11900 МВт, ал талап етілетін мөлшер 1460 МВт, ал 2015-жылы 1750 МВт болмақ». Алайда, «жалпы қуаты 2247 МВт, ал реттеу қабілеті 500-700 МВт болатын қазіргі су электр станциялары жоғарыда аталған болжамдарды қамтамасыз ете алмайды»,- деді ол.

Перейти к новостям спорта