Қазақстанда 2005-жылы қуатты жер сілкінісі болмайды - ҚР сейсмология институты - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 2005-жылы қуатты жер сілкінісі болмайды - ҚР сейсмология институты

Қазақстанда 2005-жылы қуатты жер сілкінісі болмайды - ҚР сейсмология институты

ҚР сейсмология институты мамандарының орта мерзімді болжамына сәйкес, Қазақстанда 2005-жылы магнитудасы 5,5 баллдан асатын қуатты жер сілкінісі болмайды. Бұл туралы бүгін, 18-қаңтарда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚР сейсмология институтының директоры Ерғали Нүсіпов атап көрсетті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 18 Қаңтар 2005
  • 625
Фото - Caravan.kz

Е.Нүсіповтың айтуынша, бұл болжам республика үкіметі мен ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігіне таныстырылды. 2005-жылдың екінші жартысына арналған нақтыланған болжамды институт маусым айында үкіметке ұсынады.

Сонымен бірге Е.Нүсіповтың айтуынша, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлері сейсмикалық аймақта жатыр. Бұл жердегі ең соңғы алапат апаттар 20-ғасырдың басында болған, сол себепті «қайталанбалық туралы заңға» сәйкес бұл өңірдегі сейсмикалық белсенділік арта түспек. Мұндай жағдайда сейсмология институтының мақсаты — ең қуатты жер сілкінісі болатын учаскелерді дөп басып анықтауға саяды.
2004-жылы институт жер сілкінісі болған жағдайда Алматыдағы қауіп-қатерді азайтуға бағытталған өз ұсыныстарын жолдағанын еске салды. Олардың арасында ерте дабыл қағу жүйесін құру, жаңа сейсмокарта жасау, жер сілкіністеріне байланысты тәуекелдерді бағалау, болуы мүмкін шығындар көлемін анықтау, екінші дәрежелі тәуекелдер мен тәуекелдер санын бағалау жөніндегі ұсыныстар бар. «Қазір бұл ұсыныстар Алматы қалалық әкімшілігінің қарауында жатыр»,- деді сейсмология институтының директоры.

Перейти к новостям спорта