2004-жылы Қазақстанның батыс бөлігінде техногендік сипаттағы 43 жер сілкінісі тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылы Қазақстанның батыс бөлігінде техногендік сипаттағы 43 жер сілкінісі тіркелді

2004-жылы Қазақстанның батыс бөлігінде техногендік сипаттағы 43 жер сілкінісі тіркелді

2004-жылы Қазақстанның батыс бөлігінде Каспий теңізінің жағалауында орналасқан мұнай кеніштерінде техногендік сипаттағы 43 жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы бүгін, 18-қаңтарда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚР сейсмология институтының директоры Ерғали Нүсіпов атап көрсетті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 18 Қаңтар 2005
  • 607
Фото - Caravan.kz

Осыған сәйкес Е.Нүсіпов Каспий өңірінде мұнай және газ кеніштерін игеруге байланысты техногендік сипаттағы жер сілкіністері пайда болу мүмкіндігі туралы болжамның дәлелденгенін атап өтті. Жер асты дүмпулері Теңіз, Жаңаөзен, Кеңқияқ сынды мұнайгаз кеніштерінде орналасқан жаңа сейсмостанциялар желісінің көмегімен тіркелді. Республика үкіметі сейсмологиялық станциялар міндетті түрде орналастырылуы тиіс 30 кеніштің тізімін бекітті.

Е.Нүсіповтың пікірінше, бұл тіркелген сейсмологиялық белсенділік тек бастамасы ғана болмақ. «Осыдан 20 жылдан кейн, Каспийдің қойнауынан 600-700 млн. тонна мұнай өндіріп алынған кезде жер асты резервуарының құрылымы өзгеріп, қойнауқат қысымының өзгерісіне байланысты туындайтын қысым 7 баллға дейінгі жер сілкіністеріне түрткі болуы әбден мүмкін»,- дейді ғалым.
Е.Нүсіповтың пікірінше, 7,5 балл және одан да жоғары қуатты жер сілкіністері Каспий теңізінде де цунами түзуі ықтимал. Осындай жер сілкіністері пайда болу мүмкіндігі бар сейсмологиялық белсенді аймақтар Иран, Кавказ және Түрікменстан аумағында екеніне қарамастан, цунами Каспий теңізінің солтүстік және шығыс бөлігіндегі Қазақстанның инфрақұрылымына шығын келтіре алады,- деді ол.

Перейти к новостям спорта