ҚР Жоғарғы соты "Бен Ладен групп" ЖШС-нің қалалық соттың шешіміне қарсы Астанадағы кейбір нысандардың құрылысын тоқтату туралы талап-шағымын қанағаттандырмады - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Жоғарғы соты "Бен Ладен групп" ЖШС-нің қалалық соттың  шешіміне қарсы Астанадағы кейбір нысандардың құрылысын тоқтату туралы талап-шағымын қанағаттандырмады

ҚР Жоғарғы соты "Бен Ладен групп" ЖШС-нің қалалық соттың шешіміне қарсы Астанадағы кейбір нысандардың құрылысын тоқтату туралы талап-шағымын қанағаттандырмады

Бүгін, 18-қаңтарда ҚР Жоғарғы сотының азаматтық істер жөніндегі алқасы "Бен Ладен групп" ЖШС-нің қалалық соттың шешіміне қарсы Астанадағы кейбір нысандардың құрылысын тоқтату туралы талап-шағымын қанағаттандырмады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 18 Қаңтар 2005
  • 378
Фото - Caravan.kz

Сот мәжілісіне басшылық жасаған судья Людмила Полтарабатьконың хабарлауынша, сот алқасы Астана қалалық сотының бұл іс бойынша 2004-жылдың 4-қазанында қабылдаған шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2000-жылы қаланың әкімшілік кеңесі «Бен Ладен групп» ЖШС-іне тұрғын үй және сауда кешендерін, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын салу үшін Есілдің сол жақ жағалауынан 8 жер учаскесін берген. Алайда, кәсіпорын өзіне жүктелген міндеттемелерді орындаған жоқ. Осыған байланысты Астана қалалық әкімшілігі аталған жер учаскелерін басқа құрылыс компанияларына беруге шешім қабылдады. Нәтижесінде, бұл 8 учаске көптеген жер телімдеріне бөлініп, құрылыс салу мақсатында үлестірілді. Қазір барлық учаскелерде дерлік құрылыс немесе жобалау жұмыстары жүргізілуде. Нысандардың кейбір бөлігі пайдалануға беруге де жақын.
Соған қарамастан, 2004-жылы «Бен Ладен групп» ЖШС учаскелердің қазіргі қожайындарына қарсы құрылыс жұмыстарын тоқтатуды талап етіп Астана қалалық сотына шағым түсірген. Алайда, сот бұл талапты қанағаттандырмады. Сөйтіп, ЖШС қалалық соттың шешіміне қарсы Жоғарғы сотқа шағым түсірді.

Перейти к новостям спорта