Оның айтуынша, бұл талап жобасы қазір парламентте қарауға дайындалып жатқан «Ардагерлер туралы» заңда көрініс табуы тиіс.
Ауған соғысының ардагерлері 1999-жылы ақшалай өтемақыға алмастырылған барлық жеңілдіктерді үкімет қайтарып беруі тиіс деп пайымдайды.
Ауған соғысына қатысушылар Қазақстан президентінің атына хат жазып, онда «Ардагерлер туралы» заң жобасын қарау барысында олардың талабын ескеруді және жобаны тез арада қабылдауды сұрап отыр.
Жалпы Ауғанстандаы соғыс қимылдарына 22 мыңнан астам Қазақстан азаматы қатысқан. Қазір елімізде барлығы 19 мың интернационалист-жауынгерлер тұрады. Олардың 3 мыңы Алматы тұрғындары. Ауған соғысының ардагерлеріне арналған жәрдемақы 2,2 мың теңгені құрайды.