Астанада қоғамды демократияландыру жөніндегі ұлттық комиссияның екінші мәжілісі басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада қоғамды демократияландыру жөніндегі ұлттық комиссияның екінші мәжілісі басталды

Астанада қоғамды демократияландыру жөніндегі ұлттық комиссияның екінші мәжілісі басталды

Бүгін, 24-қаңтарда Астанада Қазақстан президентінің жанындағы азаматтық қоғам және демократияландыру мәселелері жөніндегі ұлттық комиссияның екінші отырысы басталды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 24 Қаңтар 2005
  • 469
Фото - Caravan.kz

Ұлттық комиссияның төрағасы Болат Өтемұратовтың айтуынша, мәжілісте саяси жүйені реформалау және азаматтық қоғамды дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға қатысты басты көзқарастар, жобаның құрылымы мен тұжырымдамалық бағыттары, мемлекеттік басқаруды бір орталыққа бағыныштылықтан арылту және жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысты ұсыныстар талқыланады. Сондай-ақ, ҚР парламентінің ролін арттыру, қылмысқа күдіктіні тұтқындауға санкция беру құқығын соттарға беру тәртібін енгізу, елімізде аралық би соттарын енгізу мәселелері сарапқа салынады.

Құрылғалы шамалы уақыт қана өткен Ұлттық комиссия «қазірдің өзінде оң бағаға ие болды. Оның жұмысын тек республикадағы саяси күштер ғана емес, сонымен бірге қоғамдық ұйымдар мен азаматтар да жіті қадағалау үстінде»,- деді отырысты ашқан Б.Өтемұратов.

Перейти к новостям спорта