Қазақстан мен Иран транзиттік әлеуетті мейлінше жоғары деңгейде пайдалануы тиіс - Иран Ислам Республикасы меджлисінің спикері - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан мен Иран транзиттік әлеуетті мейлінше жоғары деңгейде пайдалануы тиіс - Иран Ислам Республикасы меджлисінің спикері

Қазақстан мен Иран транзиттік әлеуетті мейлінше жоғары деңгейде пайдалануы тиіс - Иран Ислам Республикасы меджлисінің спикері

Қазақстан мен Иран Ислам Республикасы екі елдің транзиттік әлеуетін, соның ішінде бірінші кезекте "Солтүстік-Оңтүстік" көлік дәлізінің жобасы аясындағы әлеуетті мейлінше жоғары деңгейде пайдалануы тиіс. Қазақстан Республикасының Ирандағы төтенше және өкілетті елшісі Сәбит Таиров пен Иран Ислам Республикасы меджлисінің спикері Г.Ходад-Адельдің кездесуінде екі жақ осындай пікірге тоқталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 24 Қаңтар 2005
  • 391
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында тараптар екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың келешегін талқылады. Мәселен, сұхбатқа қатысушылар екі елдің Қазақстан астығын Иран, Ауғанстан және Парсы шығанағы елдеріне сату жөніндегі SWAP-операцияларына қызығушылық танытып отырғанын атап өтті.

Г.Ходад-Адель ТМД елдерінің арасынан Қазақстан ең қарқынды дамып келе жатқанын , әлеуметтік-экономикалық жаңартулар саласында жұртшылық мойындаған жетекші ел екенін атап көрсетті. Ол Қазақстан мен Иран арасында етене жақын достық байланыс орнағанын атай отырып, алдағы уақытта сауда-экономикалық және екі жақты мәдени байланыстар аясының кеңи түсетініне сенім білдірді.
Кездесуде Иранның Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі келісім ұйымы мен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің құрылтайына қатысу мүмкіндіктері де сарапқа салынды.

Перейти к новостям спорта