Орал-Каспий бассейнінде 2005-жылы бекіре тұқымдас балықтарды аулауға арналған шектеу мөлшері айқындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орал-Каспий бассейнінде 2005-жылы бекіре тұқымдас балықтарды аулауға арналған шектеу мөлшері айқындалды

Орал-Каспий бассейнінде 2005-жылы бекіре тұқымдас балықтарды аулауға арналған шектеу мөлшері айқындалды

Атырауда Орал-Каспий бассейнінде 2005-жылы бекіре тұқымдас балықтарды аулауға арналған шектеу мөлшері айқындалды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Атыраубалық" АҚ хабарлады.

  • 24 Қаңтар 2005
  • 404
Фото - Caravan.kz

Тендерге табиғат қорын пайдаланушы 38 субьект қатысты. Байқау қорытындысы бойынша «Атыраубалық» АҚ 135,9 тонна бекіре тұқымдас балық аулауға, «Амангелді» және «Жамбыл» өндірістік кооперативтері тиісінше 10 тоннадан, «Еркінқала» — 4 тонна, «Қызылбалық» — 6 тонна, «Құрманғазы» — 8 тонна, «Ракуша», «Стандарт», «Тес» және «Манаш» кооперативтері тиісінше 3 тоннадан балық аулауға мұрсат алды. Сондай-ақ, балық өсіруші екі зауыт 4 тоннадан балық аулау құқығына ие болды.

Тендерлік комиссияның жұмысы барысында бекіре тұқымдас балық аулауға ниет білдірген 16 үміткердің өтініші қабылданбады.
2005-жылғы көктем және күзгі балық аулау маусымында бекіре тұқымдас балық аулау бойынша Қазақстанға бөлінген квота 244 тоннаны құрайды.

Перейти к новостям спорта