Жамбыл облысында төтенше жағдай сақталып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында төтенше жағдай сақталып отыр

Жамбыл облысында төтенше жағдай сақталып отыр

Жамбыл облысында төтенше жағдай сақталып отыр. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасынан хабарлады.

  • 7 Ақпан 2005
  • 397
Фото - Caravan.kz

Әсіресе Сарысу және Жуалы аудандарында күрделі жағдай қалыптасты. Мәселен Жуалы ауданында орталық пен 41 елді мекеннің арасындағы байланыс үзілген. Әзірге құтқарушылар 762 адамы бар 163 қыстаққа жете алмай отыр. Сарысу ауданында 6 ауыл мен 17 қыстақ аудан орталығымен байланыссыз қалды. Бұл маңда жолдарды тазарту жұмыстарына 400 техника жұмылдырылып отыр. Өткен демалыс күндері Жамбыл облысына ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің тағы да 19 машинасы келді.

Тараз мектептеріндегі сабақ 9-ақпанға дейін жабылғаны белгілі. Бүгін, 7-ақпанда облыстық әкімшілікте өтетін отырыста сабақты қашан бастау туралы мәселе шешімін табады.
Қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Тараздың орталық аудандары қардан толық тазартылды. Қар тазартатын көліктер енді шеткері аудандарға жіберілуде.
Облыс орталығындағы жолаушы тасымалдаушы көліктердің 80 проценті жұмыс істеуде. Жол ақысын білермендікпен көтеріп жіберген алты жүргізуші жұмыстан шығарылды. Сондай-ақ алғашқы қар күні көтеріліп сала берген нан бағасы да реттелді.

Перейти к новостям спорта