Солтүстік Қазақстан облысының бір тұрғыны жұбайын өлтіргені үшін 16 жылға бас бостандығынан айрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Солтүстік Қазақстан облысының бір тұрғыны жұбайын өлтіргені үшін 16 жылға бас бостандығынан айрылды

Солтүстік Қазақстан облысының бір тұрғыны жұбайын өлтіргені үшін 16 жылға бас бостандығынан айрылды

Солтүстік Қазақстан облыстық соты жұбайын өлтірген бір әйелді 16 жылға бас бостандығынан айырды. Әйел бұған дейін де осындай қылмысы үшін жазасын өтеп шыққан екен. Бұл туралы KZ-today тілшісіне сот мәжілісіне төрағалық жасаған судья Николай Алешкин хабарлады.

  • 8 Ақпан 2005
  • 449
Фото - Caravan.kz

Н.Алешкиннің айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылының тұрғыны осыдан 10 жыл бұрын бірінші жұбайын өлтірген. Осыдан кейн мерзімінен бұрын қамаудан босап шыққан әйел екінші рет күйеуге шығып, екі балалы болады.

2004-жылдың аяғында отбасылық жұп көршісімен бірге бірнеше бөтелкені босатады. Отырыс барысында жұбайлар өзара кикілжіңдесіп қалады. Әйел өз күйеуін бірнеше мәрте балтамен ұрып, артынан бауыздап тастаған. Өлі денені ұраға тығып қояды да, бөлшектеп отқа жағып жібереді.
7-ақпан, дүйсенбіде Солтүстік Қазақстан облыстық соты 30 жастағы қылмыскер әйелді қатаң тәртіпті түрмеде 16 жыл қамауға үкім шығарып, мүлкін тәркіледі. Ал қылмысқа куәгер бола тұра оны жасырып қалған көрші 1 жылға бас еркінен айрылып, кейінірек сот залынан босап шықты.

Перейти к новостям спорта