2004-жылы тарифтік жүк айналымы 163,8 млрд. тонна-шақырымды құрады. Бұл 2003-жылғыдан 10,9 процентке артық. 2004-жылы тәуліктік орташа жүк тасымалының көлемі 529,4 мың тонна болды, бұл өткен жылғы осы мерзімдегіден 4,2 процентке артық.
Жолаушылар айналымы 10,6 проценттік өсіммен 11,8 млрд. жолаушы-шақырымды құрады. Соның ішінде темір жол транспортымен 13,9 млн. жолаушы тасымалданды. Бұл 2003-жылғы көрсеткіштен 0,5 процент артық.
Еліміз үшін айрықша маңызды жүк түрлерін тасымалдау көлемі артты. Мәселен, 82,7 млн. тонна тас көмір (2003-жылғыдан 0,8 процент артық), 19,98 млн. тонна мұнай және мұнай өнімдері (4,5 процент артық), 24,82 млн. тонна темір кені (9,6 процент), 12,79 млн. тонна түсті металл кені (4,8 процент) тасымалданды. 2004-жылы сондай-ақ 2,58 млн. тонна химиялық және минералды тыңайтқыштар тасымалданды. Бұл 2003-жылғыдан 28,5 процент артық. Ал тасымалданған құрылыс материалдарының көлемі 2003-жылғыдан 13,5 процентке артып, 15,67 млн. тоннаны құрады.
Былтыр сондай-ақ жылжымалы составты пайдалану сапасы артты. Атап айтсақ, локомотивтердің жүру қашықтығы 11,2 процентке, ал жүк тиелген вагондардың жүру қашықтығы 11,5 процентке артты.