Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, компания ай сайын КТК жүйесі арқылы 550 мың тонна мұнай тасымалдай отырып таяу уақыттарда жылына 7 млн. тонналық межеге қол жеткізуді көздеп отыр.
Қарашығанақ мұнайы құбырмен тасымалдана бастау нәтижесінде КРО КТК құбыр жүйесін мұнаймен қамтамасыз етуші «Теңізшевройл» ЖШС-нен кейінгі екінші ірі компанияға айналды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Karachaganak Petroleum Operating (KPO) халықаралық консорциумы ұзындығы 635 шақырымдық «Қарашығанақ-Үлкен Шаған-Атырау» құбырымен Қарашығанақ кенішінен Каспий құбыр консорциумы жүйесіне (КТК) мұнай тасымалдау жұмыстарына 2004-жылдың орта шенінен бастап кіріскен.
2005-жылы КТК жүйесін мұнаймен қамтамасыз етуші компаниялардың жалпы мұнай тасымалдау көлемі 32 млн. тонна болады деп күтілуде. Ал 2004-жылы бұл көрсеткіш 22,5 млн. тоннаны құрады.
КТК-ның негізін қалаушы үкіметтердің үлес салмағы мынадай : Россия — 24%, Қазақстан — 19%, Оман Сұлтандығы — 7%.
Консорциумға қатысушы жеке меншік мұнай компанияларының үлесіне келсек : Шеврон Каспиан Пайплайн Консорциум Компани — 15%, ЛУКАРКО Б.В. -12,5%, Роснефть-Шелл Каспиан Венчерз Лтд. — 7,5%, Мобил Каспиан Пайплайн Компани — 7,5%, Аджип Интернешнл Н.В. — 2%, БГ Оверсиз Холдинг Лтд. — 2%, Қазақcтан Пайплайн Венчерз ЛЛС — 1,75% и Орикс Каспиан Пайплайн ЛЛС — 1,75%.