Шахтинск тұрғындары Тентек жылу электр орталығындағы апатқа байланысты шеккен шығындарының өтемін талап етпекші - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шахтинск тұрғындары Тентек жылу электр орталығындағы апатқа байланысты шеккен шығындарының өтемін талап етпекші

Шахтинск тұрғындары Тентек жылу электр орталығындағы апатқа байланысты шеккен шығындарының өтемін талап етпекші

Қарағанды облысы Шахтинск қаласының тұрғындары мен кәсіпкерлері Тентек жылу электр орталығындағы апатқа байланысты шеккен шығындарының өтемін орталық қожайындарынан сот арқылы талап етпекші,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 8 Ақпан 2005
  • 463
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 24-ақпанда Тентек жылу электр орталығындағы апатқа байланысты қаладағы жылыту жүйесіне жылу беру доғарылған. Қалпына келтіру жұмыстары екі аптаға созылды. Осы уақытта қала тұрғындарының пәтеріндегі сынап бағанасы 2-5 градусқа дейін төмендеп, мектептер мен ауруханалар жабылды.

Пәтерлер, мектептер мен кәсіпорындарда жылу берілгеннен кейін апаттар шыға бастады. Көп қабатты 208 үйдің 105-інде жылытқыш радиаторлар мен стояктар қатып қалды. 3 мың батарея мен 17 мың метрдей құбырлар жарамсыз болып қалды. Қаладағы мектептердің жылыту жүйесі толықтай дерлік істен шықты.
Мәселен, қала тұрғыны Галина Московскаяның айтуынша, Жеңістің 40 жылдығы атындағы көшедегі №56/1 үйде пәтерлер жаппай су ішінде қалып, барлық отбасының мүлкі бүлінді. «Біз Тентек жылу электр орталығының қожайындарынан сот арқылы шығындарды өтетіп алмақпыз. Арыз-шағымдарымызды дайындап қойдық. Шығын көлемін әрбір отбасы өз бетінше есептеуде, орта есеппен ол 50-150 мың теңгені құрайды «,- деді Г.Московская.
KZ-today тілшісінің хабарлауынша, Шахтинск қаласында жылыту радиаторларын ауыстыру жұмыстары әлі де жалғасуда.

Перейти к новостям спорта