Алматыда тұрақты жұмыс істейтін арбитраждық сот құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда тұрақты жұмыс істейтін арбитраждық сот құрылды

Алматыда тұрақты жұмыс істейтін арбитраждық сот құрылды

Алматыда тұрақты жұмыс істейтін арбитраждық сот құрылды. Бұл туралы бүгін, 8-ақпанда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан халықаралық арбитражының төрағасы Майдан Сүлейменов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 8 Ақпан 2005
  • 932
Фото - Caravan.kz

Қазақстан халықаралық арбитражын заңды және жеке тұлғалардың арасындағы азаматтық-құқықтық дау-дамайларды реттеу үшін қазақстандық бір топ заңгер 2004-жылғы желтоқсан айында қабылданған «Аралық соттар туралы» және «Халықаралық коммерциялық арбитраж туралы» ҚР заңдарына сәйкес құрған, деді М.Сүлейменов.

Оның айтуынша, жалпы юстициялық соттармен салыстырғанда арбитраждық сот тараптар үшін кейбір артықшылықтарға ие. Мәселен, процесске қатысушылар кәсіби шеберлігіне қарай өздерінің көңілінен шығатын арбитрді өздері таңдай алады, сондай-ақ, әділдігіне күмән келтірген судьядан бас тартумен бірге сот мәжілісін өткізетін орын мен тілін таңдай алады. Ал арбитраж даудың тез арада шешілуінен және іс туралы ақпараттың жария болмауынан мүдделі.
М.Сүлейменов отандық кәсіпорындар ендігі жерде өзара дау-дамайларын қазіргі дәстүрге сәйкес шетелдік арбитрлердің көмегіне жүгінбей, Қазақстандық арбитрждың төрелігіне сенім артады дегенге үміт білдірді.

Перейти к новостям спорта