Қазақстан даму банкінің жеке капиталы 2005-жылы 500 млн. доллардан асады - банк басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан даму банкінің жеке капиталы 2005-жылы 500 млн. доллардан асады - банк басшысы

Қазақстан даму банкінің жеке капиталы 2005-жылы 500 млн. доллардан асады - банк басшысы

"Қазақстан даму банкі" АҚ-ның жеке капиталы 2005-жылы 500 млн. доллардан асады (бұл шамамен 73,4 млрд. теңгеге тең). Бұл туралы бүгін, 9-ақпанда банктің 2004-жылғы жұмыс қорытындысы бойынша өткізілген баспасөз мәслихатында "Қазақстан даму банкі" АҚ-ның президенті Қамбар Шалғымбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 9 Ақпан 2005
  • 354
Фото - Caravan.kz

Қазақстан даму банкінің басшысы 2005-жылғы 1-қаңтардағы жағдаймен банктің жеке капиталы 55,4 млрд. теңгені, соның ішінде жарғылық қоры 48,4 млрд. теңгені құрағанын айтты. 2005-жылы Қазақстан даму банкінің жарғылық капиталы 63,4 млрд. теңгеге дейін артады деп күтілуде.

Қазақстан даму банкінің 2004-жылғы таза пайдасы 3 млрд. теңгеге жетті. «Бұл — халықаралық стандарттарға сәйкес аудиттік тексеру арқылы анықталған таза пайда»,- деді Қ.Шалғымбаев.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2005-жылы Қазақстан даму банкі түрлі жобаларды қаржыландыру көлемін 600 млн. долларға дейін ұлғайтпақшы.

Перейти к новостям спорта