2004-2005 ауылшаруашылық жылында Қазақстан тағы да 4 млн. тонна астық экспорттай алады - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-2005 ауылшаруашылық жылында Қазақстан тағы да 4 млн. тонна астық экспорттай алады

2004-2005 ауылшаруашылық жылында Қазақстан тағы да 4 млн. тонна астық экспорттай алады

2004-2005 ауылшаруашылық жылында Қазақстан тағы да 4 млн. тонна астық экспорттай алады. Бұл туралы бүгін, 9-ақпанда Астанада өткен баспасөз мәслихатында "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" АҚ-ның вице-президенті Абай Бейсенбаев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 9 Ақпан 2005
  • 395
Фото - Caravan.kz

А.Бейсенбаевтың айтуынша, қазір республика элеваторларында 4 млн. тоннадай астық, ал ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінде 1,8 млн. тонна астық бар. «Демек, қазір елімізде 6 млн. тоннадай бидай бар, ал ішкі тұтынымға 2 млн. тонна бидай қажет»,- деді ол. «Қалған астықты біз экспортқа шығара аламыз. Әйтпесе ол қалдыққа айналады»,- деді А.Бейсенбаев.

«Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ вице-президентінің айтуынша, еліміз бүгінге дейін 2 млн. тонна астық экспорттады.

Перейти к новостям спорта