Қазақстан даму банкінің шетелдердегі жобаларға қатысу принциптерін республика үкіметі анықтайды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан даму банкінің шетелдердегі жобаларға қатысу принциптерін республика үкіметі анықтайды

Қазақстан даму банкінің шетелдердегі жобаларға қатысу принциптерін республика үкіметі анықтайды

ҚР үкіметі таяу уақыттарда "Қазақстан даму банкі" АҚ-ның шетелдердегі жобаларға қатысу принциптерін айқындайтын қаулы қабылдайды. Бұл туралы бүгін, 9-ақпанда өткізілген баспасөз мәслихатында "Қазақстан даму банкі" АҚ-ның президенті Қамбар Шалғымбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 9 Ақпан 2005
  • 566
Фото - Caravan.kz

«Өткен жыл бойына біз банктің сыртқы рынокқа шығу жолдарына қатысты тұжырымдамалық ұстанымымызды айқындаумен шұғылдандық. Бұл құжат үкіметпен келісілген. Осыған байланысты ақпан айында тиісті қаулы шығады деп сенеміз»,- деді Қ.Шалғымбаев. Қаулы банктің шетелдердегі жобаларға қатысу принциптері, негізгі басымдықтары, қатысу түрлері мен көзқарастарды айқындайды.

«Коммерциялық банктерден бір ерекшелігіміз, біз шетелдерге мейлінше пайда табу үшін шықпаймыз. Қазақстан даму банкінің басты мақсаты — Қазақстан экономикасымен технологиялық байланысы бар өндірістерге несиелер беру, Қазақстанда өңдеу үшін шетелдерден шикізат тартуға бағытталған өндірістер құруға түрткі болу, сондай-ақ, инвестициялық жобалар аясында елден тысқары жерлерде активтер сатып алу болып табылады»,- деді ол.
«Біз қазір жоспарлы түрде алға жылжып келеміз. Шетелдік өндірістерге несиелер беруге бағытталған алғашқы қадамдар биыл жасалады деп ойлаймын»,- деді Қ.Шалғымбаев. Осыған байланысты Қазақстан даму банкі бір Орталық Азия республикасы мен Мәскеуде өз өкілдігін ашпақшы.
Банк негізінен ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу, ауылшаруашылығы мақсатында машина жасау, радио-электротехника тәрізді салаларды қаржыландыру бағытын ұстанады.

Перейти к новостям спорта